Қуыр қуыр қуырмаш | Балаларға арналған әндер | Қазақша мультфильм | Қазақша әндер | BAL TV
Сәлем Балақай! Бұл видеода қуырмаш жайлы әнді тыңдай аласың! Егер видео ұнаса арнаға жазылып, лайк бас! Қуыр-қуыр, қуырмаш, Балапанға бидай шаш. Әжең келсе есік аш, Қасқыр келсе мықтап бас! Қуыр, қуыр, қуырмаш, Мен айтайын қолыңды аш! Мынау тұрған бас бармақ, Жұмыс содан басталмақ. Алақанның тұңғышы Болсын осы жылқышы. Балаң үйрек жанында, Бейім сиыр бағуға. Ортан терек – ұзыны, Түйе бақсын, қызығып! Шылдыр шүмек – бұл саусақ, Қой бағуды тұр аңсап. Титтей бөбек – шынашақ, Сен дайында жер ошақ. Қуыр-қуыр, қуырмаш, Балапанға бидай шаш. Әжең келсе есік аш, Қасқыр келсе мықтап бас! Білекке енді барайық, Онда не бар табайық: Мына жерде күн болар, Мына жерде түн болар. Мына жерден ай шығар, Мына жерден май шығар. Бәрін айтып болдық па? Келіп қалдық қолтыққа! Қытық, қытық, қызық-ай, Міне, өрік, міне, май! Қуыр, қуыр, қуырмаш, Бидай салам, қолыңды аш. Төгіп алмай, күлем деп, Балапанға барып шаш! #балаларғаарналғанәндер #қазақшамультфильмдер #қуырқуырқуырмаш #animation
Название:
Қуыр қуыр қуырмаш | Балаларға арналған әндер | Қазақша мультфильм | Қазақша әндер | BAL TV
Категория:
Разное